Гостиницы в Алматы
2017-04-06 20:15:25 23 0

1962 жылы Қызылорда өңірінде өмірге келген Батырхан Шүкеновтың әндері әрдайым тыңдарман жүрегіне жетіп жататын. «Нелюбимая», «Дождь», «Отан Ана», «Джулия», «Твои шаги», «Танец под дождем», «Я тебя рисую», «Я- это ты, ты- это я», «Журавли» әндері өз кезегінде ел аузынан тастамай айтатын, хитке айналды.

Өкінішке орай, 2015 жылдың сәуір айында әншінің тосыннан келген ажалы көпшілікті есеңгіретіп тастады. «Шүкенов әрдайым өнердің дамуына, өркендеуіне үлес қосуды ғана ойлайтын. Еліміздің әр облысынан мәдениет үйлерінің іргетасын қалауды да арман қылатын. Және дыбыс режиссерлік мектептер ашып, шәкірттеріне әлемнің үздік мамандарынан тәжірибе алатындай жағдай жасауды да өзіне мақсат етіп қойған еді»,-делінген Батырхан Шүкеновтың қоғамдық қорында.

28 сәуірде көрерменге ұсынылатын «Нас исцеляет любовь» бейнебаянының түсірілімі де осы қоғамдық қордың қолдауымен жарыққа шықты. «Батырхан Шүкенов» атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.

Пікір жазу