«Құнанбайдың жүріп өткен жолын белгілі өнер зерттеушісі Таласбек Әсемқұловпен бірге біраз жылдар бойы зерттедік. Тарихта оның ойып алар орны бар екенін, кемеңгер тұлға болғанын, ұлы Абай тәрбиеленген мектеп ретінде көрсеткіміз келді. Бұл фильмге деректі емес, көркем дүние деп қарауымыз керек.
Жалғасын түсірсек деген ұсыныстар айтылды. Әзір бұл жоспарда жоқ. Ол әу бастан ойластырылуы керек еді. Біз «Абай жолы» романының тобықтай түйінін алдық. Қойылып кеткен дүниеге қайта оралу қаперімде жоқ», дейді режиссер.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS