Гостиницы в Алматы
2017-02-24 15:56:21 17 0

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық биатлоншы қыздар бір алтын, бір қола медальді құрама қоржынына алып келді. 

Биатлоннан із қуу жарысынан 10 шақырым қашықтықта Қазақстан құрамасының мүшелері бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдені Галина Вишневская қанжығасына байласа, тағы бір биатлоншы Дарья Усанова мәре сызығын үшінші болып кесіп, Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Ал екінші орынға қытайлық Ян Чжан ілікті.

Бұған дейін биатлонның спринттік 7,5 шақырымында Галина Вишневская мәре сызығын бірінші болып кесіп, жеңімпаз атанған еді.

 

Пікір жазу