Ең алдымен, оқырмандар портреттің Мақпал Жүнісоваға онша ұқсамайтындығын айтқан. Ал кейін, тіпті үстіндегі костюмі танымал дәстүрлі әнші Гүлмайдан Сүндетованың киіміне ұқсайтындығын жазған. Гүлмайдан Сүндетованың дәл осындай киімі мен бас киімі бар көрінеді.
Мәселенің мән-жайын білу үшін Мақпал Жүнісоваға хабарласқанымызда, әнші бұл сыйлық екенін және суретшіге өзі арнайы отырып, түспегенін айтты. "Үйге келіп, портретті ашсам, расында костюмі де, әшекейлері де менікі емес, қолдары да ұқсамайды. Оны тіпті Гүлмайдан Сүндетованың костюмдерінен көшіріп алған деп жатыр. Фотошоппен сала салған дейді біреулер. Қалай болғанда да, бұл сыйлық қой, қалай мен оны жаман деп айтамын? Оқырмандардың пікірін оқып, көңіл-күйім түсіп отыр. Мені біреудің киімін киіп суретке түседі деп қалай ойлайды?" - деді әнші. Ал кейін бұл суретін Инстаграмнан тіпті өшіріп тастады.