Гостиницы в Алматы
2014-12-24 01:59:01 1128 0

Ринат Заитов — 1983 жылы 17 қараша айында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Қазақтың айтыскер, суырып-салма және жазбаша ақыны, драмалық актер, филолог. М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжінің «Драмалық театр актері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Семей Мемлекеттік педагогикалық институтында филолог мамандығын алып шықты. «Тазша бала» атты жас сықақшылар республикалық конкурсының жеңімпазы (2001 жыл).

Телевизиядағы алғашқы қадамы Семей қаласының жергілікті каналындағы «ТТТ» әзіл-сықақ бағдарламасымен басталған.

Ол 2001-2008 жылдар арасындағы аймақтық, республикалық және халықаралық айтыс додаларының жеңімпазы. 2008-2010 жылдар аралығында республикалық айтыстағы дүлдүл жеңімпаз.

Аягөз ауданының құрметті азаматы; «Астана қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері.

Бос уақытында бильярд, футбол ойнап, аңшылыққа шыққанды ұнатады. Сүйікті фильмі - «Однажды в Мексике» болса, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы – сүйіп оқыр кітабы болып табылады. Отбасын құрған. Балалары бар.

Пікір жазу