Қазақстанның тізімге енуіне Астанада ЭКСПО Халықаралық көрмесінің өтуі ықпал еткен. «Мұнайлы мемлекеттен эко-бағытқа» деп атаған басылым Қазақстан туралы берген мәліметтің тақырыбын. The New York Times Боратты да тілге тиек еткен.
«Борат туристік картаға белгілеп кеткен он жылдан кейін, Қазақстан Ұлы Жібек жолының мекені болуға ұмтылуда», - деп жазды. Астанада қонақүйлердің бой көтеру қарқынын атап өткен газет, Астана энергетика саласындағы келешек мәселелерді шешу мақсатында 2017 жылы «World Expo 2017» -ні өткізуге дайын екендігін жазады.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Қазақстанның Тянь-Шань таулары да айтылған. Еліміз туралы берілген ақпаратқа Алматы қаласында орналасқан шіркеудің суреті қойылған. Басылым туристерге баруды ұсынған 52 мелекеттің алғашқы орнында Канада, Чили, Үндістан, Швейцария, Боствана, Хорватия, АҚШ, Германия, Мексика елдері орналасқан. Басылым осы елдерде 2017 жылы болатын қызықты әрі маңызды оқиғалар, сондай-ақ көруге тұрарлық табиғи көрікті орындар жөнінде мәліметтер берген.