Актриса: “Сымбатты болу үшін дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстанудың, ұйқыны қандырудың маңызы зор. Мысалы, маған ерте тұрып боянғаннан, ұйқымды қандырған артық. Жұрт секілді ерекше күтім жасамаймын деп айта алмаймын”, – деп сұлу көріну үшін салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді.
Актрисаның ата-анасы өзі үш жаста болған кезде ажырасып кеткен. Анасы жалғыз қызын асырау үшін көп жұмыс істеп, Динара ерте есейген. Анасы екінші рет тұрмысқа шығып, отбасын құрған. 19 жасына дейін жалғыз өскен бойжеткеннің осы күнде сіңлісі бар.
“Анам әкемнің орнын басты. Отбасымызды асырау үшін көп жұмыс істегендіктен, оны сирек көретінмін. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмады. Бұл, әрине, бұзық бала болып өстім деген сөз емес. Бар болғаны өмірде бірнәрсеге қол жеткізгің келсе, тек өзіңе сенім артуың керектігін түсіндім. Осындай еркін тәрбием үшін ризамын. Қай саланы таңдасам да, ата-анам қарсы болмады”, – дейді актриса.
Ал болашақ жары туралы: “Өмірлік серігіңді көрген кезде жүрегіңе шоқ түсері сөзсіз. Өзің ерекше күйге бөленесің. Көздерің түйіскен кезде, сол адам үшін жаралғаныңды түсінесің. Мұны, расымен де, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл енді өмірлік жарыма қатысты алғашқы “шартым” болсын. Екіншіден, ер адамдардың жақсы иісіне ерекше құмартамын. Белгілі бір парфюм түрін жақсы көремін деп айта алмаймын. Әйтеуір, ол иіс маған ұнауы тиіс”, -деп жігіттердің иіссуына аса мән беретіндігін жеткізді.