Гостиницы в Алматы
2016-03-26 15:24:44 596 0

Абайдың өлеңдерін жатқа білетін "Қазақ аруы" арманын айтты (ЭКСКЛЮЗИВ)

"Қазақ аруы-2016" байқауының жеңімпазы Альмира Ахатованың байқаудағы "шығармашылық нөмірі" желіде хитке айналды. Қыздың Абай өлеңдерін кідірмей, жатқа айтуы көпшілікті сүйсіндіріп, таңғалдырды. Альмира сайтымызға әдебиетке деген қызығушылығы және арманы жайлы айтып берді.

Қазіргі таңда Астана қаласы медицина университетінде оқып жатқанымен, Альмира Ахатова бала кезінен актриса болуды армандағанын жасырмады. "Армандар орындалады демекші, болашақта көре жатармыз" - дейді қазақ аруы. Сонымен қатар, ол Абайдың ғана емес, қазақ жазушылары мен ақындарының өлеңдерін де оқитынын, кейбірін жатқа біледі екен. "8 сыныптан бері Абайдың өлеңдерін сүйіп, қызығушылықпен оқимын. Мектеп кезінде "Ер Махамбет оқулары", "Абай, Шәкәрім оқулары" сынды әртүрлі сайыстарға қатысып жүрдім" - дейді Альмира Ахатова.

алмирааа

Қазақ аруы жастарға кітап оқуға кеңес береді. "Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады" демекші, қазіргі замандағы басты қару - кітап, білім. Соны қазіргі ұрпақ түсінсе екен деймін" - дейді Ахатова.

Сонымен қатар, ару қазақ әншілерінің ішінде Жанар Дұғалованы, ал шетел әншілерінен Лана Дэл Рей, Элли Голдингті сүйіп тыңдайтынын айтты.

Пікір жазу