Гостиницы в Алматы
2016-11-29 12:34:38 15 0

Алматыда "Елбасы жолы" киноэпопеясының тегін көрсетілімдері болады деп хабарлайды Қазақфильмнің баспасөз қызметі.

"2016 жылы желтоқсанның 1-і мен 4-і аралығында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Алатау" дәстүрлі өнер театры мен Алматы қаласының мәдениет және мұрағат басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Елбасы жолы" киноэпопеясының қайырымдылық көрсетілімін өткізеді",-делінген баспасөз хабарламасында.

Көрермен назарына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарыққа шығарған туындыларды, оның ішінде: "Балалық шағымның аспаны", "От–өзен", "Теміртау", "Тығырықтан жол тапқан" (реж. Рүстем Әбдірашев), сонымен қатар биыл ғана тұсауы кесілген "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмдері көрсетіледі.

Бес бөлімнен тұратын "Елбасы жолы" киноэпопеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі туралы баяндайды.

Фильмдер қазақ және орыс тілінде "Алатау" дәстүрлі өнер театрында көрсетіледі.

 

Пікір жазу