Гостиницы в Алматы
2016-12-11 15:54:51 10 0

"Астана" велоклубы ірі демеуші бола алатын екінші тарапты іздестіру үстінде. Бұл туралы Vesti.kz-ке берген пікірінде "Астана" президенттік спорт клубының атқарушы директоры Аманбек Күлшіков айтып берді.

Оның айтуынша, алдағы жылы спорт клубына кіретін командалардың бюджеті көтерілмейді, керісінше азайтылатын болады немесе бұрынғыша қала береді. Жекелей алғанда велокоманданың бюджеті өзгермейтін болыпты. Ал ралли, баскетбол және боксшылардың ақшасын қысқарту туралы шешім қабылданыпты.

Сондай-ақ Аманбек Күлшіков қазір "Самұрық-Қазынамен" бірге клубтың үлкен демеушісі атана алатын тараптар қарастырылып жатқанын атап өтті. Қазір араб және азиялық демеушілер клуб ісіне қызығушылық білдіріп отырған көрінеді.

Өткен жылы Велоспорт федерациясының президенті Дархан Қалетаев клубтың 2016 жылғы бюджеті 18 миллион еуро көлемінде деп ақпарат берген  болатын.

Пікір жазу