Гостиницы в Алматы
2017-04-07 18:54:45 118 0

Ақтастағы Ахико

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Ақтастағы Ахико» спектакльі қойылады.

Спектакльге Ахико Тецуро атты жапондықтың тағдыры  арқау болған. Ол «Карлаг» түрмесіне небәрі 15 жасында түсіп, 10 жыл бойы жан төзгісіз азапты бастан кешіреді. Бостандықтан әбден түңілген сәтінде, темір тордан босап шығып, қазақ анасының арқасында өмірге қайта оралады. Бірақ ұзамай, өз Отанына шақырту алады. Жапонияда ұзақ тұрақтай алмаған Ахико, Қазақстанға қайта оралады.

Осы бір адамның тағдыры арқылы, спектакльден сонау жылдары қазақ еліне жер аударылған мыңдаған адамның бейнесін, бастан кешкен оқиғаларын, тағдыр жолын байқай аласыз.

Спектакльді сәуір айының 7-ші жұлдызында, сағат 18:30-да М.Әуезов атындағы театрдан тамашалай аласыздар.

Пікір жазу