Гостиницы в Алматы
2016-03-16 12:27:01 106 0

Батырды халқымен қайта қауыштырған сурет сыры

Суретте Кеңестер Одағының Батыры, даңқты қолбасшы, генерал Сабыр Рақымовтың аяулы жары Құралай апай. Өзағаңдар иемденіп кеткен қазақтың қаһарман ұлын БҰҰ-на дейін хат жазып, бұлтартпас дәлелдермен нақтылап ресми түрде өз халқымен қайта қауыштырған нағыз батыр апамыз осы .Өзбектердің күллі сый-құрметінен бас тартып ұлттық мүддені бәрінен де жоғары қоя білген қазақтың қайсар қызының ерлігі ел есінен шықпай, ұрпақтан ұрпаққа үлгі болуы тиіс!!! Айтпақшы апайдың өзі де батырдың жанында болып соғысқа қатысқан. Санитар болып талай жаралы жауынгерлерді ажал тырнағынан арашалап аман алып қалған. Есіл ерге снаряд жарықшағы тиіп қансырап жатқанда өзі де жараланғанына қарамастан басын сүйеп өлімнен құтқарып қалуға барын салған. Өкінішке орай генарал сол жерде көз жұмады. Кейіннен Құралай апай Сабыр ағамызға Кеңестер Одағының Батыры атағының берілуіне, сүйегін елге алып келіп жерлеуге елеулі үлес қосты.

Сурет 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданындағы (бұрынғы Ленин ауданы) туған ауылында батырға бағышталып ас берілген кезде түсірілген. Қалыбек Атжанның әлеуметтік парақшасынан алынды.

Е.Шәкірұлы

Пікір жазу