Гостиницы в Алматы
2016-03-14 01:02:10 122 0

Данияр Елеусінов пен Василий Левит "GeeBee" турнирінің жеңімпазы болды

Еуропаның кіл мықты былғары қолғап шеберлері жиналатын"GeeBee" турнирі аяқталды.  35 рет өткізіліп отырған Халықаралық  дода Хельсинк қаласында өтті. Сайысқа биыл Риода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алған Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов, Данияр Елеусінов, Василий Левит сынды қазақ боксшылары қатысты, - деп хабарлайды Today.kz.

Турнир аясында 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Біржан Жақыпов британдық Санни Эдвардсқа 1:2 есебімен есе жіберсе, APB тұжырымдамасы бойынша чемпион Берік Әбдірахманов (60 кг) норвегиялық спортшыдан айласын асыра алмады. Ал 69 келі салмақта сайысқан Данияр Елеусінов бірінші кездесуде 3:0 есебімен шведтік Оливер Флодиннен басым түссе, екінші кезекте француздық боксшы Сулейман Чисокомен қолғап түйістірді.Бұл кездесуде де отандасымыз айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал алтын үшін айқаста литвалық Эймантас Станионисты 2:1 есебімен жеңді. Осылайша Данияр "GeeBee" турнирінде жеңіс тұғырынан көрінді.

91 келідегі Василий Левит Коди Дэвис пен Тони Хонкаге қарсы қос кездесуде 3-0 есебімен жеңді. Ал, финалдық жекпе-жекте ирландық былғары қолғап шебері Даррен  О’Нилмен шаршы алаңға шығу керек болған. Алайда, аталған спортшы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты. Отандасымыз осылайша қоржынға тағы бір алтын салды. Енді Василий төртжылдық дүбірлі додаға  толыққанды дайындығын бастайды.

 

Пікір жазу