Гостиницы в Алматы
2016-03-14 19:21:03 38 0

Денис Тен «Coupe du Printemps» жарысында екінші орын алды

Мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Люксембург қаласында өткен «Coupe du Printemps» жарысында екінші орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жарыстың бірінші күніндегі қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 86,95 ұпай жинап, үздік атанды. Еркін бағдарлама қорытындылары бойынша Денис Тен 133,09 ұпаймен төртінші орында болды.

Жарыстың жалпы кестесінде қазақстандық спортшы 220,04 ұпаймен екінші орын алды. Жарыстың бас жүлдесін Бельгия спортшысы Йорик Хендрикс иеленсе, үшінші орынға жапондық Такахито Мура лайықты деп танылды.

Қазақстандық спортшының алған жарақатынан кейін қалпына келмегендіктен бұл жарысқа дайын болмағанын атап өту керек. Алайда жарысқа қатысу шешімін қабылдауға еркін бағдарламаның ауысуы себеп болған. Денис үшін 28 наурыз бен 3 сәуір аралығында Бостонда өтетін әлем чемпионатының алдында жаңа бағдарламаны орындау қажет болды.

Дереккөз: Stan.kz

Пікір жазу