Гостиницы в Алматы
2016-11-14 13:02:52 9 0

Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 10 медальға ие болды деп хабарлады Дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Егемен Қазақстан".

Дзюдошылардың ішінде Камила Берлікаш (+70 келі) пен Нұрсұлтан Манарбекұлы (34 келі) бірінші орын алған. Абдусамат Бақыт (50 келі), Жәнібек Тельман (55 келі), Нұрзат Салимбаев (60 келі), Данияр Әшімхан (66 келі) екінші орын алса, үшінші орынды Меруерт Сарсенова (52 келі), Бақытжан Абдурахманов (66 келі), Сұлтан Серікбай (+90 келі), Санжар Жабборов (+90 келі) секілді дзюдошылар иеленген.

Пікір жазу