Гостиницы в Алматы
2016-03-30 17:48:47 351 0

Мәскеудегі сән апталығында Балнұр Асанова жұртты таңғалдырды

Наурыздың 22-27 аралығында  Мәскеу  үкіметінің қолдауымен жоғарғы сән  қауымдастығы Мәскеуде сән апталығын өткізді. (Moskow FashionWeek). Онда ең таңдаулы дизайнерлердің қолынан шыққан «2016-2017 күзі мен қысына» арналған топтамалар көрсетіледі. Солардың қатарында болған қазақстандық Балнұр Асанованың қолынан шыққан үздік туындылары Мәскеу жұртшылығын таңқалдырды. Ол сән апталығында  осы жылдың күзі мен келер жылдың қысына арналған топтама әзірлеген болатын. Жылы киімдердің барлығы қолмен тоқылғандығын атап өту керек. Ондағы көйлектердің әр қайсы ерекше тоқыма стилді пайдаланыла отырып үйлесімді түстермен безендірілген. Киімдердегі өрнектердің барлығы белгілі дизайнердің таңдауына сай жасалған. Ол ерекше әрі ешкімді қайталамайтын киім үлгілерін тігіп, тоқу барысында бүгінгі сәнге сай кең әрі ірі тоқыма түрлерін пайдаланған екен.

IMG_0022

IMG_0046

IMG_0123

IMG_0137

IMG_0187

IMG_0201

IMG_0284

IMG_0297

IMG_0320

IMG_0341

IMG_0372

IMG_0405

IMG_0428

IMG_0429

Пікір жазу