Гостиницы в Алматы
2016-11-24 12:49:27 365 0

Танымал қазақстандық әнші, Кеш you тобының бұрыңғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова бүгін тұңшы сәбиін дүниеге алып келді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әншінің туысқаны әрі директоры бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша, сәбидің салмағы үш келі 100 граммды құрайды. Белгілі болғандай, әнші Астана қаласындағы перзентханалардың бірінде босанған.

"Сәби түнгі 01.40 кезінде дүние есігін ашты. Ана мен баланың жағдайы жақсы",-деп хабарлады Меруерт Әуелбекова.

Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы желтоқсан айында Арыстан есімді жігітпен отбасын құрған еді.

Пікір жазу