Гостиницы в Алматы
2016-03-23 15:10:14 21 0

Михаил Кукушкин Майами турнирінің келесі кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин «Miami Open-нің» біліктілік турнирінің финалында жеңіске жетіп, жекелей сында негізгі кезеңге өткен 12 спортшының бірі атанды.

Өзінің іріктеу сынының ақтық кезеңінде Кукушкин бразилиялық Жоао Соузуды 6:4, 7:6 есебімен ұтты. Бұл - Кукушкиннің бразилиялық спортшыны екінші рет тізе бүктіруі.

Негізгі сынның бірінші айналымында Кукушкин Америка спортшысы Бриан Бэйкермен кездеседі, осыған дейін америкалық теннисші жерлесімізді бір рет жеңген болатын.

ҚазАқпарат

Пікір жазу