Гостиницы в Алматы
2016-10-21 15:50:15 35 0

Бүгін Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық трамплин кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотей тілшілермен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды "Айқын" басылымы.

Тілшілермен сұхбат барысында Қанат Ислам: «Аллотей - өте мықты спортшы. Алдағы жекпе-жектің жауапкершілігі жоғары. Елім назар салып отырғанда бұл маған үлкен сын болғалы тұр. Бірақ, байқа, қара бала!», десе, Патрик Аллотей «Мен мұнда ойнауға келгенім жоқ, Қанатты жеңіп, белдігін алып кетуге келдім»,-деп осы жауабын қайталаумен болды.

Қазір ұйымдастырушылардың айтуынша билет бағасы Қанаттың қалауы бойынша халық қалтасы көтеретін бағада сатылуда. Бағасы 1 мыңнан 10 мыңға дейін. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында, билеттердің әлі де кассаларда бар екендігі мәлімдеді.

 

Еске салайық, Қарсыластар WBA Fedelatin және WBO Intercontinental нұсқалары бойынша титул үшін белдеседі. Бұл жауапты күнде Қанат Ислам өзінің «WBA fedelatin» чемпиондық белбеуін қорғап, жартылай орта салмақта «WBO intercontinental» тұжырымының чемпиондық белбеуі мен «UBC» тұжырымының әлем чемпионы атығы үшін жұдырықтасады. Жекпе-жек 29 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Сонымен қатар, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегінің андеркартында қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы өнер көрсетеді.

Ал жекпе-жекті "Қазақстан " арнасынан тікелей эфирінен көруге болады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

 

Пікір жазу