Гостиницы в Алматы
2016-10-29 22:19:09 47 0

Алматыда «Алматы арена» спорт кешінде өткен жекпе-жекте Қанат Ислам ганалық боксшы Патрик Аллотейді раунда жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанат Ислам мен Патрик Аллтотейдің де салмағы 68 келі.

Жеңіске жеткен боксшы супер орта салмақта (69 кг ред) WBO (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және IBO (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағын алады. Ал Қанат Ислам WBA Fedelatin нұсқасы бойынша Америка аймағы чемпионы атағын қорғап қалды.

Бұған дейінгі кездесуде сұхбат берген жекпе-жек демеушісі Бауыржан Оспанов: «Қанат Ислам қазір WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингісінде 5-орында тұр. Егер Аллотейді жеңсе, рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағына таласуына мүмкіндік береді», деген болатын.

Ресейлік сарапшы Григорий Стангрит кездесуге дейін Қанат үшін Патрик «проблема» емес екенін айтқан болатын.

«Патрик Аллотей - маған аса таныс емес боксшы, алайда оның маған таныс Патрик Тейшейр мен Чарльз Маньючиден жеңілгеніне қарағанда, ол Ислам үшін проблема тудырмайды. Әсіресе, Қанат 100% пайыз дайын болса, - деген болатын сарапшы.

Жекпе-жекке дейінгі БАҚ-пен кездесуде Қанат: «8-ші раундта бастаймын» деген болатын. Бұған оның демеушісі Бауыржан Оспанов: «Қанат қазақ емес пе, сырды ашып тастады» деп журналистерге бұл сөзін жарияламауды ыммен жеткізген болатын. Залда отырған тілшілер Қанаттың бұл сөзін ағылшын тіліне аудармай-ақ қойялық деген.

Қанат айтқанында тұрды.

Қанат Ислам Аллотейге дейін 2016 жылғы мамырдың 9-ында Флорида штатында колумбиялық Хуан де Анхельмен кездесіп, алтыншы раундта жеңіске жеткен.

Қытайда туған Қанат Ислам сол елдің атынан Пекин Олимпиадасына қатысып, қола медаль иеленген. Пекин Олимпиадасынан кейін ол Қазақстанға қоныс аударған. Қанат Ислам 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына Қазақстан атынан қатыспақ болған кезде азаматтық-құқықтық дау туған соң кәсіпқой боксқа бет бұрған. Кейін Майамиге (АҚШ) барып, Нельсон Лопестің проумоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан. Қазір Қанат Исламның барлық кездесуін осы компания ұйымдастырып жүр.

Бұған дейінгі берген сұхбатында Қанат қарсыласының осал емес екенін, отанында өтіп жатқан кездесуді жүгі ауыр екенін айтқан болатын.

«Мен Қанаттың белбеуін тартып алуға келдім»,- деген Патрик Аллотей де осал емес екенін көрсетті.

Пікір жазу