Бұл туралы Луина "Хабар" арнасының "Компромат" бағдарламасында айтып берді.
Әншіге: "Ел арасында сіз сүйіктіңізбен бес жыл бойы азаматтық некеде тұрады, тіпті кішкентайлары да бар екен сынды сыбыстар тарап кеткен және продюсеріңіз Жомартпен арада қандай байланысыңыз бар?", - деген сұрақ қойылды.
Бұл сұрақты естіген Луина жеке өмірінің құпиялы тұстарын жасырмады.
"Мен сіздерге жасырмай айтайын. Иә, Жомарт маған продюсерлік еткеніне бес жыл болды. Иә, біздің азаматтық некеде тұрып жатқанымызға да бес жыл болды", - деді ол.
Сонымен бірге, әншінің айтуынша, олар келесі жылы азаматтық некені заңдастырмақшы. Бала туралы олар сол кезде ойлана бастайтындарын да жеткізді.
Луинаның сөзіне сенсек, олар жалғыз емес, Жомарттың анасымен бірге тұрады екен.
"Сондықтан, мен қазір келінмін", - деді ол.