Гостиницы в Алматы
2016-11-27 15:54:02 3 0

Бүгін Павлодарда өтіп жатқан бокстан ел чемпионатында  91 келі салмақтағы жеңімпаз анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

91 келіге дейінгі салмақ санатында қостанайлық Антон Пинчук пен павлодарлық Серік Мұсаділов жұдырықтасты.  Кездесу барынша тартысты өтті. Серік бой да, қолы да ұзын Антонға барынша қарсылық таныта білді. Дегенмен, төрешілердің шешімімен Пинчук чемпион атанды.

Айта кетейік, бұған дейін 49 келіде Теміртас Жүсіпов, 52 келіде Азамат Исақұлов, 56 келіде Қайрат Ералиев, 60 келіде Әділет Құрметов, 64 келіде Бекдәулет Ибрагимов,  69 келіде Абылайхан Жүсіпов, 75 келіде Әбілхан Аманқұл, 81 келіде Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.

Пікір жазу