Гостиницы в Алматы
2016-10-29 20:23:20 12 0

Дәл қазіргі сәтте «Алматы арена» спорт кешені дала рухынан қуат алған десе болады.

Қазақстан боксшыларының жеңістері 12 мың орындық спорт кешенін шабыттандырып жіберді.

Осы сәтте рингке шыққан 99 келідегі отандасымыз Руслан Мырсатаев ганалық Нуху Азумиді 44 секундтың ішінде сұлатып түсірді. Оларға 6 раунд берілген болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегіне орай ауқымды спорт кеші өтіп жатыр.

Онда отандық боксшымыз Қанат Ислам шаршы алаңда ганалық Патрик Аллотеймен кездесіп, WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін күш сынасатын болады.

Бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.Патрик Аллотей осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-інде қарсыластарынан басым түскен. 24 кездесуінде қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет шаршы алаңға 24 маусым күні шығып, отандасы Сани Идананы жеңді. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде болды. Кәсіпқой бокста «Улы жебе» деген лақап атқа ие.

Пікір жазу