Гостиницы в Алматы
2016-05-19 00:27:12 298 1

"Моя Чужая" фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті (ФОТО)

Қазақ кино өнері тағы бір  өніммен толықты. Бүгін "Достық Плаза" ойын-сауық орталығындағы CINEMAX кинотеатрында «Адика продакшн» компаниясы ұсынған «Моя чужая» деп аталатын романтикалық драманың тұсаукесер көрсетілімі өтті.

Қоюшы режиссері өзбекстандық Едгор Насыров. Аталмыш туындыда әлеуметтік, отбасылық, адамгершілік құндылықтар мәселелері кеңінен насихатталады. Сонымен қатар, фильмде әсем қала Алматының табиғаты, көрікті жерлері, тарихи маңызы зор нысандары көрсетіледі. Басты рөлдерді Диляра Байжанысова, Беруний Нарзуллаев, Гүлнар Досматова, Жан Байжанбаев сомдайды.

Фильм сценарийі қазіргі уақыттағы оқиғалар желісіне құрылған. Тағдыр жас кәсіпкер Әлішерді ақылына көркі сай Айлин есімді арумен тоғыстырады. Таныстықтары махаббатқа ұласқан екі ғашық бір-біріне қатты бауыр басып қалғанымен де өткен күндердің елесі олардың сезімін суытады. Фильмде анайылық көріністер мен есірткі, ішімдік сияқы зиянды әдеттерді насихаттайты эпизодтар болмайды деп күтілуде.

Тұсаукесер көрсетілімінен фотоларды сіздерге ұсынамыз.

WhatsApp-Image-20160518 (1)

WhatsApp-Image-20160518 (6)

WhatsApp-Image-20160518 (10)

WhatsApp-Image-20160518 (11)

WhatsApp-Image-20160518 (12)

Айта кетейік, фильм авторлары бұл туындыны Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына тарту етпек. Фильм 2016 жылдың 19 мамырынан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында прокатқа шығады.

Пікірлер

  • Венера
    Өзбек режиссер басты рөлдерге өзінің тəшмəттəрін жинап алыптыыыыы

Пікір жазу