Наурыздың 22-27 аралығында Мәскеу үкіметінің қолдауымен жоғарғы сән қауымдастығы Мәскеуде сән апталығын өткізді. (Moskow FashionWeek). Онда ең таңдаулы дизайнерлердің қолынан шыққан «2016-2017 күзі мен қысына» арналған топтамалар көрсетіледі. Солардың қатарында болған қазақстандық Балнұр Асанованың қолынан шыққан үздік туындылары Мәскеу жұртшылығын таңқалдырды. Ол сән апталығында осы жылдың күзі мен келер жылдың қысына арналған топтама әзірлеген болатын. Жылы киімдердің барлығы қолмен тоқылғандығын атап өту керек. Ондағы көйлектердің әр қайсы ерекше тоқыма стилді пайдаланыла отырып үйлесімді түстермен безендірілген. Киімдердегі өрнектердің барлығы белгілі дизайнердің таңдауына сай жасалған. Ол ерекше әрі ешкімді қайталамайтын киім үлгілерін тігіп, тоқу барысында бүгінгі сәнге сай кең әрі ірі тоқыма түрлерін пайдаланған екен.