Гостиницы в Алматы
2016-12-09 18:27:18 162 0

Рио Олимпиадасына қатысқан боксшылар да допинг қолданған деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Допинг қолданды деген айыппен Рио Олимпиадасының 52 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері атанған ресейлік боксшы Миша Алоян Олимпиада жүлдесінен айырылғаны белгілі болды.

Оған Халықаралық төрелік соты осылай үкім шығарған. Миша Алоянның қан құрамынан рұқсат етілмеген препараттар табылған. Халықаралық Олимпиада комитеті боксшының бірнеше рет антидопингтік ережелерді бұзғанын айтқан. Кейін тексеріс кезінде сынамалары оң нәтиже берген. Ал боксшының бапкері Эдуард Кравцов алдыңғы мәлімдемелерінде шәкіртінің жөтелге қарсы препараттар қолданғанын айтқан болатын.

2016 жылы өткен Рио Олимпиадасының финалында Миша Алоян өзбекстандық Шахобидин Зоировтан жеңілген.

Бұған дейін Халықаралық төрелік соты бірнеше ауыр атлетті допинг қолданды Олимпиада жүлдесінен айырған еді.

 

Пікір жазу