Гостиницы в Алматы
2016-08-01 20:28:52 179 0

30 жастағы қазақстандық актер Санжар Мәдиев әке атанды. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады.

«Не жазу керек деп ұзақ ойландым... Былай жазам деп шештім: енді менің өмірім бұрынғыдай болмайды, енді менің өмірімде кішкентай қыз бар. Мен оны күшім жеткенше, тіпті бар күшіммен қорғайтын боламын. Мен әке атандым. Үнемі жаныңнан табыламын! Әрдайым маған арқа сүйеуіңе болады! Сен менің өмірімсің! Біресе маған, біресе әйеліме ұқсап кететін кішкентай ғажайып үшін Жаратқанға алғыс айтамын! Мен сендерді өте қатты жақсы көремін», - деп жазды актер.

Санжар Мәдиев актерлік жолын «Көшпенділер» фильміндегі кішігірім рөлден бастады. Қарлығаш Мұхамеджанова, Әнуар Нұрпейісовпен бірге түскен Фархат Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы хикая» фильмі арқылы танымалдылыққа ие болды. Кейінірек, «Елесті қуу», «Атпен жүру», «Аңыздар кітабы: тылсым орман», «Астана - жүрегім менің» картиналарына түсті, «Марко Поло» американдық сериалының түсіріліміне қатысты. Соңғы жылдары «Үйге жол» фильміне, «Аманат: Кенесары хан», «30 жаста үйлену» картиналарында, «Құстар әні» сериалында және ресейлік «Қорғаушылар» фильміне түсті.

Я долго думал, что написать и решил, что напишу так: моя жизнь никогда не будет прежней, ведь в ней теперь есть девочка, которую я буду защищать, столько, сколько хватит сил и даже больше. Я стал папой. Я всегда буду рядом! Ты всегда сможешь на меня расчитывать! Ты - моя жизнь. Спасибо Всевышнему за это маленькое чудо, которое похожа то на меня, то на мою супругу! Я вас очень сильно люблю! #қырқынаншығару #жаным #балапан #алтыным #IamFather

Фото опубликовано САНЖАР МАДИ • SANJAR MADI (@sanjar.madi)

Ақпарат:

Пікір жазу