Жыл сайын өтетін дәстүрлі өнер сайысына республика өңірлері мен қалаларынан барлығы 16 үміткер қатысып, бақ сынады. Құрамында ақын Жүрсін Ерман, жыршы-термешілер Алмас Алматов, Амандық Көмеков бар қазылар алқасының шешімімен алматылық Шаттық Уатқан бас жүлдені жеңіп алса, Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Эльвира Кенжебекқызы бірінші орынды иеленді. Батыс Қазақстан облысынан барған Фархат Оразов екінші, астаналық Зүльфия Баймұрзаева мен қызылордалық Жарасхан Төлебай үшінші орынға көтерілді. Шығыс Қазақстан облысы атынан сынға түскен түбі маңғыстаулық Бақдәулет Толыбекұлына арнайы сыйлық табыс етілді.
«Осы айтулы додада батысқазақстандық ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұнайдар Балмолданың «Аттың жалын тартқан ер» атты толғауын орындадым. Жалпы, тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойланатын биылғы жыл мен үшін табысты болып тұр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Фархат Оразов. Айта кетейік, Фархат Оразов осыған дейін Башқұртстан астанасы Уфа қаласында 23-24 қазанда өткен бүкілресейлік жыршылар (сэсэндер) фестивалінің күміс жүлдегері атанса, 16-17 қарашада Оралда болған белгілі әнші-термешілер, Мұхит Мерәліұлы атындағы республикалық байқаудың екі мәрте бас жүлдегері Жақсылық Сәрсенғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қаламқас Орашева мен Қалампыр Рахимованы еске алуға арналған «Термелетіп жырлайын» атты республикалық термешілер байқауында бас жүлдені жеңіп алған болатын.