Молданазар тойда ән айту арқылы өз құнын түсіргісі келмейтінін айтты.
«Бағытымыз тойға келіңкіремейді. Оны өзім мойындаймын. Ал той-бизнеске қарсымын дегенім, ол жалпы өнердің, әннің, музыканың дамуына қатты кедергі келтіреді. Әншілердің бәрінің айтатын сылтауы – «біздің техника тірідей айтуға жарамайды». Өте ұят нәрсе», – деді синти-поп жанрында ән салатын әнші.
Айтпақшы, Молданаздың кезінде «Орда» тобының құрамында болғанын екінің бірі біле бермейді. Ол топқа ән жазып, үш жыл көлемінде бірлесіп жұмыс істеген.
«Жоба әнші қылып шығарамыз деп қабылдады. Бірақ үш жылдай жүрдім. Ешқандай тіршілік болмағаннан кейін кетіп қалуға тура келді», – деді ол 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында.
Ақпарат: stan.kz