Гостиницы в Алматы
2016-11-14 12:57:09 8 0

Қазақстан биыл алғаш рет Халықаралық интеллектуалды олимпиадаға қатысып, бірден жүлделі орынға ілікті.

Балалар арасында өткен Memoriad Las-Vegas-2016 Халықаралық интеллектуалды олимпиадада қазақстандық Мәди Ердәулет топ жарып, чемпион атанды. 11 жасар оқушы ең жоғары ұпай жинап, 27 елден келген қарсыластарын қапы қалдырды.

Білім сайысы Лас-Вегаста өткен. Қазақстан бұл конкурсқа алғаш рет қатысты.

Астаналық Мәди Ердәулет өткен жылдың қыркүйегінен бері мега арифметиканы меңгеріп жүр.

Пікір жазу