Екі жылға созылған дәрістерге әртүрлі ұлт өкілі қатысты. Бұл жобаны Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырды. Екі жыл ішінде қатысушылар мемлекеттік тілде эссе жазып, сонымен қатар қазақша видеороликтер түсірумен алған білімін шыңдады.
Ұйымдастырушылар дәріс алған студенттер арасында "Тәуелсіздік - тірегім", "Асыл сөз", "Мемлекеттік тіл - Тәуелсіздіктің тірегі" атты үш номинация бойынша байқау өткізіп, үздік жұмыстарды қабылдаған.
"Бірінші сыныптан бері қазақ тілін оқып келемін. Бірақ бұл жоба мемлекеттік тіл бойынша білімімді жоғарғы деңгейге көтерді. Біз өзге ұлт өкілі болғанымызбен, қазақ тілін ана тіліміз деп есептейміз",-деді жоба қатысушысы Марина Устинова.