Данияр 1991 жылы 13 наурызда Батыс Қазақстан облысында туған. Қазақстандық әуесқой-боксшы Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері. Сондай-ақ, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. Астана қаласында тұрып, сол жерде әкесі Елеусинов Марат қол астында жаттығады. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Арман Оспанов, самбошы
Арман 1989 жылы 7-желтоқсанда ОҚО, Ленгір ауданында туылған.
Биыл қараша айында өткен Мороккодағы самбодан әлем чемпионатында Арман Оспанов қатысып, алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, Арман Оспанов самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ, Арман 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында, 2014 жылы Наритада өткен әлем чемпионаттарының жеңімпазы.
Әділбек Низымбетов,боксшы
1989 жылы 19-мамырда өмірге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері , Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта 2012 жылғы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Бейімбет Қанжанов, самбошы
Бейімбет Қанжанов 1991 жылы 13 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туылған. Самбодан спорт шебері, 2011 жылы самбодан Азия чемпионы, 2013 жылғы Қазанда өткен Универсиаданың күміс жүлдегері, биыл қарашада өткен Мароккодағы самбодан әлем чемпионы.
,
Елдос Ахметов - 1990 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. "Астана" футбол клубының қорғаушысы. "Тараз" футбол клубынан шыққан Елдос 18 жасында Қазақстан чемпионатына қатысты. "Ертіс" , "Тараз" футбол клубтарында ойнаған. 2013 жылдан бастап "Астана" футбол командасының ойыншысы.

Пікірлер