Қарақат Әбілдинаның киетін көйлегіне сәйкес Қыдырәлі Болмановтың да костюм-шалбары таңдалады. Эфирде бәрі үйлесімді болуы шарт.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина осындай ірі жобаны бірінші рет жүргізіп тұр. Бастапқыда көрермендер тарапынан сынға ұшырағанымен, өнерпаздар алған бағытынан қайтқан жоқ. Біртіндеп жүргізушілікке төселіп, "Бенефис-шоу" көптің күтіп көретін бағдарламасына айналды.
Қарақат Әбілдина көйлектерімен қатар, шаш үлгісіне де аса зор мән береді. Қолаң шашына түрлі әшекейлерді тағады, кейде шашбау тағып шығады.
Әншінің көйлектерінің дені қазақи нақышта тігілгенін байқауға болады. Осылайша ол қазақ қолөнері мен ою-өрнегінің, сәнінің жандануына үлес қосып жүр.
Әнші иығы ашық көйлектерді киюге де қымсынбайды, өйткені жарасымды.
Бағдарлама осыған дейін көптеген өнер жұлдызының балалық шағына саяхат жасап, жанұясымен танысып, ән айтудан басқа да қырларын ашты.

Пікірлер