Гостиницы в Алматы
2016-03-26 09:41:27 882 3

Беделді шетелдіктер мен қазақстандықтар арасындағы 4 дүбірлі той

"Шанель" сән үйінің мұрагері мен қазақ қызы Тоғжанның үйлену тойы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен-ді.  Коко Шанельмен бірге келісім-шарт жасаған Пьера Вертхаймердің шөбересі Дэвид Вертхаймер қазақстандық Тоғжанды өмірлік жар деп таңдаған болатын.  Алайда, қазақстандықтар мен шетелдің бай-бағландары арасындағы махаббат мұнымен басталған жоқ. Соларға кеңінен тоқталсақ.

  1. "Шанель" сән үйінің мұрагері мен қазақ қызы Тоғжан

"Шанель" сән үйінің мұрагері Дэвид Вертхаймер мен қазақстандық Тоғжан Ізбасарованың үйлену тойы Швецарияда өтті. Тойдың бірінші бөлімі киіз үйде қазақ стилінде өтсе, екінші бөлімі "мұз сарайында" болды. Қазақстандық қалыңдық туралы ақпарат аз. Тек әлеуметтік желілердегі фотосуреттерден оның сән апталықтары мен түрлі мәдени кештерде жүретінін байқауға болады.  Тоғжанның Женева қаласында тұратыны белгілі. Сондай-ақ, фейсбук парақшасында аталған қаладағы университетте журналистика мамандығына оқитыны жазылған.

4cc31ca057f079d6b57974d9ac2984f7

96e9c35a7aaa0660c6d24904cef9c75a

togzhan23032016-03

  1. Тайландық миллионердің қызы мен қарапайым қазақ

Қанат Тасыбековтың  "Ахуалды қазақ" аталатын кітабында Синцязнда болған тайландық миллионердің қызы мен қазақтың қарапайым жігіті арасындағы ғашықтық туралы жазылған. Қыздың жүрегін мәрт әрі қарапайым мінезімен жаулаған қазақ соңында қызға үйленеді. Қанат Тасыбековтің сөзіне сенсек, күйеу жігіт Қытай қазағы екен. Құлжаға келген миллионердің қызы атқа мініп, табиғат тамашалауға шығады. Оның сымбатына алыстан қазақ жігіт тамсанып тұрған. Таныстықтары соңы үлкен махаббатқа ұласқан.  Қызға ең басты жігіттің мәдениеттілігі мен ақылы ұнайды.

простой

  1. Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызы

2015 жылы барлық БАҚ мен әлеуметтік желіде көп жазылып, талқыланған қазақстандық Данияр Кесікбаев пен Малай елінің премьер-министрінің қызы Нурианна Наджвенің тойын да тасада қалдыра алмаймыз. Дүбірлеген екі ел арасындағы той Қазақстанда да, Малайзияда да болды. Алматыда өткен тойға Малай елінің премьер-министрі Наджиба Разак, Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов, сол уақыттағы қала әкімі  Ахметжан Есімов, кәсіпкер Кеңес Рақышев  және кәсіпкерлерді қолдау палатасының төрағасы Тимур Кулибаев та келді. Данияр Кесікбаев та қарапайым жігіт емес, ол ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың әйелі болған Майра Құрманғалиеваның ұлы. Екі жас шетелде танысқан деседі. Нурианна Наджва Вашингтондағы Джорджтаун университінің халықаралық қатынастар мамандығын, Данияр Нью-Йорктегі Колумбия университетін бітірген.

PUTRAJAYA, 19 Mac --  PENGANTIN BARUÉDaniyar Kessikbayev, 27, dan puteri Perdana Menteri, Nooryana Najwa, 27, selamat diijab kabulkan pada majlis akad nikah di Seri Perdana di sini malam ini. -- fotoBERNAMA (2015) HAKCIPTA TERPELIHARA *** Local Caption *** I

данияр1

  1. Диас Атамқұлов пен Малайзияның Саравак штатының премьер-министрінің қарындасы

Малайдың қызына көзі түскен тағы қазақстандық жігіт Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің баласы Диас Атамқұлов. Саравак штатының премьер-министірі Шри Хаджи Абдуллы Таиба Махмудтың  қарындасының қызы Алия Наташа Дженейд пен Диас Атамқұловтың тойы 2013 өтті. Ал күйеужігіттің әкесі Бейбіт Атамқұлов бірнеше жыл Малайазияның Қазақстандағы елшісі болып қызмет атқарған. Екі жас 2011 жылы бойжеткеннің анасының туған күнінде танысқан. Тіпті, екеуі де Куала-Лумпурдағы беделді кондоминиумде бөлек қабаттарда тұрған. Бірақ кездескен соң, қос ғашық өмірде қол ұстасып бірге өтуге шешім қабылдайды.

диас1

диас2

 

 

 

Пікірлер

  • Арай 2016-03-26 17:19:48
    Қате өріп жүр. Қатты асығыс жазылғанға ұқсайды ғой, қалай болса солай. ..
  • Улдан 2016-03-29 09:33:48
    Қытайдың қазағы ғана келіншегін орамал тағып, қазақшылыққа жақындатқан, ал қалғандары өзге ұлт өкілдеріне үйленгені былай тұрсын, сол елдің дәстүріне сіңіспесе болады ғой, қазақтандағы қазақтар!!!
  • 2016-03-29 15:03:12
    Қазақ жігіттері басқа ұлттың қыздарын алса да, қазақ дастүрімен үәленбейдіма. Басқа ұлттың киімін киіп, қазақ намысын таптатқаны қалай?

Пікір жазу