WSB бесінші маусымында жеңіске жеткен «Astana Arlans» клубына AIBA-дан 400 мың АҚШ доллар аударылған. Бірақ, ол қаражат боксшыларға да, бапкерлерге де жетпеген. Мәселені бейбіт жолмен шеше алмаған чемпиондар сотқа жүгінген.
«Astana Arlans»-тың Алматыда өткен таныстырылымында «Астана» президенттік клубының атқарушы директоры Аманбек Күлшіков бұл қаражатты жеке құрамға сыйақыға беру көзделмегенін және оның алдағы тағдырын басшылық шешкенін айтып түсіндірді.
Кеше Астанадағы сотта даулы іске нүкте қойылды. Сот үкімі боксшылар мен бапкерлердің пайдасына шешілмеді.