Гостиницы в Алматы
2017-06-19 11:55:37 38 0

АТЫРАУДА КҮШТІК САЙЫСТАН АШЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛДІ

Атырауда өткен күш сынау сайысында спортшылар сайыстың 5 түрі бойынша сынға түсті. Олар: Бөрене көтеру, 70 келілік екі балонды көтеру, 340 келілік дөңгелек айналдыру, автокөлік пен жүк көлігін тарту. Жалпы жарысқа БҚО  5 өкілі, Ақтаулық екі спортшы және Санк-Петербург пен Астраханнан бір қатысушыдан келген.

Бес сайыс қорытындысы бойынша атыраулық Эдуард Кабдешев үздік нәтиже көрсетті. Ол 15 рет 340 келілік дөңгелекті  айналдырып, сондай-ақ 16 секундта жүк көлігін сүйреп шығарған. Екінші орынға оралдық Николай Суетин, үшінші орынға ақтаулық Дмитрий Наранов ие болды.

“Мен пауэрлифтинг және үш сайыспен 10 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Бұл бойынша әлем чемпионатында үш рет күміс жүлдегер, Азияның төрт дүркін жүлдегері, 5 дүркін Қазақстан чемпионы атандым”, – дейді жеңімпаз Эдуард Кабдешев.

Пікір жазу