Гостиницы в Алматы
2017-03-03 18:03:29 97 0

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне дайындалу үшін Майамиге келді, деп хабарлайды vesti.kz сайты «Профи Бокс Казахстана» парақшасына сілтеме жасап.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 2017 жылдың қаңтар айында австралиялық «MJA Entertainment» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасаған еді.

АҚШ-та Даниярды ағасы Дәурен Елеусінов күтіп алыпты. Бұл жерде отандасымыз мамыр айында Қытай жерінде өтетін кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегіне дайындалады.

Айта кетейік, 25 жастағы Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 килограмм салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады. Даниярдың жаттығу лагері Флоридада. Оны америкалық мамандар да жаттықтыратын болады.

Кәсіпқой бокста Елеусінов жартылай орта салмақта (66 килограмм) жұдырықтасатын болады.

 

 

Пікір жазу