Гостиницы в Алматы
2017-02-25 00:08:44 50 0

Наурыз айынан бастап Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының трансляциясын Қазақстан аумағында "Оң ТВ-ның" орнына басқа арна жүргізетін болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Қазір еурокубоктардың ойындарын көрсету құқығы "Оң ТВ" телеарнасына тиесілі. Алайда наурыз айынан бастап қаржылық мәселелерге байланысты аталған арна барлық спорттық трансляцияларды эфирден алып тастайтын болыпты.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасын көрсету құқығы "Қазақстан" РТРК" холдингіне өтеді. Мәміленің қандай шарттар негізінде жасалғаны белгісіз. Сондай-ақ ойындардың "Қазақстан" арнасынан, әлде "ҚазСпорттан" берілері туралы да дерек жоқ.

"Оң ТВ" ЧЕ және ЕЛ ойындарын 2015 жылдың тамыз айынан бері көрсетіп келе жатыр.

Чемпиондар лигасының келесі ойыны 7 наурызда, ал Еуропа лигасы 10 наурызда өтеді.

Пікір жазу