Гостиницы в Алматы
2017-01-27 19:41:57 100 0

Америкалық жаттықтырушы Роберт Гарсия қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жеңуге шамасы жетеді деген боксшылар тізімін атап өтті деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

"Мен GGG-ды Хильберто Рамирес жеңе алады деп ойлаймын. Ол орта салмақтағы өте мықты боксшы. Өзіне тән керемет дағдылары мен стилі бар, сонымен қатар ол солақай. Егер ол екеуі айқасса, Рамирес басым түседі. Сондай-ақ, болашақта Сауль Канело Альварес те Головкинді жеңетініне сенемін. Олардың жекпе-жегі келесі жылы өтуі мүмкін. Кездесу болған жағдайда, Канело Головкиннен үстем түседі", - деді Гарсия Dontae's Boxing Nation-ге берген сұхбатында.

Хильберто Рамирес - 25 жастағы мексикалық боксшы. Ол 34 рет рингке шығып, бәрінде жеңіске жеткен. 24 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

Сауль Канело Альварес - 26 жастағы мексикалық боксшы. Ол 50 рет жекпе-жекке шығып, 48 кездесуде қарсыласынан басым түскен. Бір рет тең түсіп, бір рет жеңіліс тапқан.

 

Пікір жазу