«Halyk Arena» көпсалалы мұз кешені қалалық әкімдік пен ең ірі коммерциялық – Қазақстан Халық банкімен (Halyk Bank) арадағы серіктестік жұмыстарының жемісі. Бұл еліміздегі спорт құрылыстарына жасалып отырған алғашқы демеушілік нейминг тәжірибесі болып табылады.

Алматы қаласының спорт құрылыстары Дирекциясының директоры Сергей Апенконың айтуынша, ұйым алдында тұрғындардың спортқа, салауатты өмір салтын қалыптастыруға дегенқызығушылықтарын арттыруміндеттері қойылған.
«Біздің компания Қазақстандағы спорттық имиджді халықаралық деңгейге көтеру, тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануы мен өмірлік белсенділіктерін көтеру үшін құрылған. Дирекцияның алдында күрделі, бірақ орындауға болатын міндеттер тұр: спорттық құрылғылармен қамтамасыз ету, бұл екі арена және Атлетикалық ауыл және бүкіл әлемдегідей олардың мемлекеттік қамтамасыз етілуін 30% төмендету. Бірақ бастысы – Универсиада нысанын жандандыру, сайыс аяқталғаннан кейін де оңтүстік астана тұрғындарының қажетіне жарайтындай және қала тұрғындарының сүйікті кешеніне айналдыру да басты міндеттердің бірі»,-
деді С.Апенко.
Қазақстан Халық банкі басқарма төрағасының орынбасары Аслан Талпақов өз кезегінде Ел тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Halyk Arena» 2016 жылдың 18 қараша және 31 желтоқсан аралығында тегін сырғанақ тебу кезеңін ұйымдастырып, «Halyk» қайырылымдылық қоры Алматы қаласының тұрғындары мен оңтүстік астана қонақтарына демалыс уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндік беріп отырғандығын атап өтті. Тегін сырғанақ тебу кезеңіндегі жұмыс кестесі: жұма күндері (1 сеанс: сағ.20.00 – 22.00), сенбі және жексенбі
(4 сеанс: сағ. 11.00 – 13.00, 14.00 – 16.00, 17.00 – 19.00, 20.00 – 22.00). «Halyk Arena» бір мезетте 400 келушіні қарсы алуға қауқарлы, 200 келушіні негізгі аренада және 200 –ін мұз айдынында қабылдай алады.

«Жергілікті билікті қолдай отырып, «Halyk Arena» тәрізді құрылыс нысанын қаржыландыра келе, бірінші кезекте оңтүстік астанадағы балалар спортына, жалпы бұқаралық спорттың дамуына мән береміз. Бұл жаңа арена қала тұрғындарының қысқы спорт түріне деген қызығушылығының артуына себепкер болады деген үміттеміз. Маркетингтік көзқарас бойынша, біз – коммерциялық неймингте өз еліміздің пионерлеріміз және басқа
да коммерциялық құрылымдарды дәл осындай серіктестік түріне шақырамыз. Бұл қадам – компания үшін, бренд үшін және қала үшін де, тұрғындар үшін
де тиімді»,- деді ол ол сөзінде.

«Halyk Arena» алаңының жалпы аумағы– 67,5 гектар. Құрылым үш блоктан тұрады: негізгі арена 3 000 көрерменге арналған, сырғанақ тебетін алаң және фудкорт және әкімшілік орыны бар орталық блок. Аренаны жобалау кезінде хоккей кортын трансформалау арқылы көптеген ойын және спорттың жекелей түрлері үшін алаң дайындап алуға мүмкіндік те қарастырылған. Бұл жағдайда мұзды қорғау үшін арнайы терможабынмен қамтамасыз етілген. Кешеннің техникалық жабдықталуы ірі көлемдегі концерт және көңілді іс-шараларды
да атқаруға мүмкіндік береді. Осының өзінде кешен бір жыл ішінде
150 мың келушілерді қарсы алуға қауқарлы.

«Halyk Arenaның» басты міндеттемелерінің бірі – ойынды тамашалау үшін келген жанкүйерлерге әлемдегі өзге ірі спорттық аренадағылардай қолайлы жағдай жасау. Бұл үшін трибунаның геометриясы және олардың еңіс бұрыштары, трибунаның аренаға максималды тұрғыда жақын болуы есептелген. Нәтижесінде көрермендер алаңды трибунаның кез келген нүктесінен жоғарғы және төменгі жақтарды қоса алғанда айқын көре алады. Swiss Timing команиясының төреші құрылғылары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де арнайы орындар қарастырылған. Аренаға келген барлық қонақтар үшін 7 тамақтану орыны қамтамасыз етілген. Жоғарғы қабатта 11 корпоративтік жайлы лож жабдықталған (скайбокстар), келушілер жоғары дәрежедегі сервисті Алматыдағы үздік кейтерингтік компаниялардан ала алады.

Универсиада кезінде аренада хоккейден жарыс өтеді. Кейін «Halyk Arena» «Алматы» және «Айсұлу» хоккей клубтарының алаңы болып қалады. Сонымен қатар, мұз айдыны демалыс күндері қалың бұқара үшін сырғанақ тебуге ұсынылады. Балалар, мектеп оқушылары, студентер, сонымен қатар зейнеткерлер конькиді жеңілдетілген бағамен жалға ала алады.
2016 жылдың 18 қарашасынан 31 желтоқсанына дейінгі аралықта жаппай сырғанақ тебуге кіру құны – тегін. Көрсетілген кезеңде конькилерді жалға беру құны:
Жұма:
20.00 – 22.00 –жеңілдетілген – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.
Сенбі:
11.00 – 13.00 – жеңілдетілген – 300 теңге, ересектерге – 500 теңге
14.00 – 16. 00 – жеңілдетілген – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге
17.00 – 19.00 – жеңілдетілген – 500 теңге, ересектерге – 1000 теңге
20.00 – 22.00 – жеңілдетілген – 1000 теңге, ересектерге – 1500 теңге.
Жексенбі:

Bauer фирмасының қолжетімді конькилерінің мөлшері: 26 және 46 жас аралығы.
Анықтама үшін:
Алматы қалалық спорт құрылыстары Дирекциясы
«Алматы қалалық спорт құрылыстары Дирекциясы» ЖШС мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Алматы қалалық әкімдігінің қаулысы негізінде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын компаниясын қайта құру арқылы құрылған.
Сенім білдірілген басқарма иелігінде 12 мың орындық көпфункционалды
«Almaty Arena», 3 мың орындық «HalykArena» және 5 000 орынға арналған Атлетикалық ауыл бар. Арена алаңын түрлі спортық сайыстарға және де мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында мұзды трансформациялауға мүмкіндік болғандықтан көпсалалы деген атауға ие. Мұнан өзге арена күнделікті шынығуға арналған спорт залдар мен бассейндермен жабдықталған.
2017 жылы Универсиада аяқталғаннан кейін Атлетика ауылы барлық инфраструктурамен қамтылған жаңа ықшам ауданына айналады. Басқарма Дирекциясында коммерциялық алаңдар қалады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Клиенттер базасы мен таралу желісі бойынша Қазақстандағы ең ірі жетекші қаржы тобы болып табылады. Банк өз клиенттеріне, шағын және орта бизнес өкілдеріне және коорпоративті клиенттеріне қызмет көрсетудің кеңейтілген түрлерін (сақтандыру бойынша банктік қызметтер, лизинг, брокерлік және активтерді басқару қызметі) ұсыну арқылы даму үстінде.