Гостиницы в Алматы
2017-02-26 14:51:54 11 0

Футзалдан өткен Халықаралық Еременко кубогы турнирінің финалында алматылық "Қайрат" ресейлік "Сибирякқа" қарсы ойнап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Жарыс Мәскеуде ұйымдастырылған болатын. 

Бірінші таймда қазақстандық команда сапында Дуглас пен Дуглас Фуниор, ал ресейліктер тарапынан Жоан гол салды. Үзілістен кейін Сими Сайотти алтыметрлік айып добын соғып, есепті теңестірді, ал Максим Волынюк "Сибиряктің" үшінші голын салып, ресейлік ұжымды алға шығарды. Алайда қайраттық Диваней есепті 3:3 жасап, Михаил Першин төртінші голымен "Қайратқа" жеңіс әперді.

"Қайрат" Еременко кубогын осымен үшінші рет ұтып алып отыр. Бұған дейін Алматының футзал командасы 2014 және 2015 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Пікір жазу