Гостиницы в Алматы
2014-12-09 01:18:58 1051 0

Мұстафа Өзтүрік жайлы деректі фильм жарыққа шықты

Қазақ топырағына таэквондо спортын ала келген, алты алаштың айбынына айналған айбоз ұлы–Мұстафа Өзтүрік туралы «Алаштың айбоз ұлы» атты деректі фильм түсіріліп, жұртшылыққа ұсынылды. «КТК» арнасы тапсырысы негізінде дүниеге келген туынды Стамбул (Түркия), Мюнхен (Германия) және Алматы қалаларында түсірілген.

Елін әлемге танытқан азамат–Мұстафа Өзтүрік көзі тірісінде-ақ өз халқының нар тұлғасы екенін дәлелдеп кетті. Қазақ еліне келіп, таэквондо спортынан балалар мен жастарға мектептер ашып, еліміздің осы спорт түрінен федерациясының негізін қалады.  Бүгінде елімізде әйгілі спортшының шәкірттерінің өзі шәкірт тәрбиелеп, дүниежүзілік масштабта жетістіктерге жетіп жүр.

Қазақстанда Таэквондо Федерациясының негізін қалаушы, спорттың сайыпқыран саңылағы Мұстафа Өзтүрік биыл көзі тірі болғанда 60 жасқа толар еді. Өкінішке орай, даңқты тұлғаға 23 қараша күні мерейтойын халқының ортасында тойлау бақыты бұйырмаған екен. Бүгін даңқты тұлғаның өмір жолына арналған «Алаштың айбоз ұлы» атты деректі фильм жарыққа шықты. Жоба авторы – Арман Шораев болса, режиссері – Мұрат Белгібаев.

"Негізінен «КТК» арнасы тапсырысы негізінде түсірілді. Түсірілім Стамбул, Мюнхен және Алматы қалаларында өтті. Виза мәселесімен қоса алғанда 45 күндей уақыт жұмсалды. Туған күні қарсаңында біткен болатын. 60 жылдығына орай ұйымдастырылған концертте көрсетілуі керек еді. Бірақ, әнші-бишілердің өнер көрсетуі қорытындысында уақыт жетіспей қалды. Нәтижесінде бүгін ғаламтор беттерінде жарияланды. Бала-шағасы, Стамбулдағы туыстары, барлығы фильмде қамтылды. Сонымен қатар, деректі фильмде эксклюзив бейнебаяндар бар. Оларды табу оңай болған жоқ, біраз уақыт кетті", - деді сценарий авторы – Рауан Оқас.

Ендеше  журналист Рауан Оқастың дайындаған  «Алаштың айбоз ұлы» деректі фильмін назарларыңызға ұсынамыз.

Пікір жазу