"Головкинге жекпе-жек туралы ресми ұсыныс жасалды. Біз келісімшартты оның үстеліне қойдық. Енді жауабын күтіп отырмыз. Келісімшартқа Головкин келісім берген күні қол қоюға дайынбыз. Біз ұсынысты жасағанымызға біраз уақыт болды. Бірақ Головкин әлі жауап берген жоқ. Демек ол менімен жұдырықтасқысы келмейді деген сөз", - деп келтіреді Альварестің сөзін boxingscene.com.
Головкин мен Альварестің командалары жекпе-жек өткізу туралы біраздан бері келіссөздер жүргізіп келеді. Бірақ екі жақ әлі кездесудің қаржылық жағына келісе алмай отыр.
18 наурыз күні Головкин америкалық Дэниель Джейкобспен, ал Сауль Альварес 6 мамырда Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" спорт кешенінде кіші Хулио Сезар Чавеспен рингке шығады.