Гостиницы в Алматы
2015-03-31 20:04:53 2881 14

Танымал әнші, продюсер Дастан Оразбеков жаңа топқа кастинг жариялайды!

Танымал әнші, продюсер Дастан Оразбеков жаңа топқа кастинг жариялайды!

Дастан Оразбеков өзі продюсерлік ететін жаңа қыздар тобына және болашақ топтың атауына байқау жариялайды. Топқа әртүрлі жанрдағы әндерді бірдей әрі сапалы деңгейде орындай алатын вокалистер керек.

Егер, сіз әдемі, жас болсаңыз, вокал мен хореографияны жетік меңгерген болсаңыз, егер еліміздегі ең ерекше қыздар тобына мүше болғың келсе, егер заманауи сапалы музыкаға құштар болсаң, егер шоу-бизнес мамандарымен жұмыс істегің келсе, бағыңды сынап көр!!!

Топ құрамында 4 қыз болады. Іріктеуге әдемі даусы бар, сүйкімді келбеті бар, жасы 18 бен 23 аралығындағы, бойы 170 ден басталатын, салмағы 53 кг жетпейтін, кез-келген ұлт өкілінің қыздары қатыса алады.

Үздік қыздар тобының әншісі болу үшін, өз ынта-жігеріңізді толықтай пайдаланыңыз! Сіздерді жаңа хиттер, жаңа бейнебаяндар, түсірілімдер және Қазақстан бойынша үлкен гастрөлдік сапарлар күтеді.

Топқа үздік атау ұсынған жеңімпазға - iPhone 6 сыйға тартылады.

Естеріңізге сала кетсек, Дастан Оразбеков – «Орда» тобының белді әншісі. Бүгінде, ол - танымал әнші, актер, биші, музыкант әрі продюсер. Оның өнер айдынында жүргеніне 17 жыл болды. «Запрещенные танцы», «Астана, іңкәрім менің», «Препод» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Пікірлер

  • Ainur 2015-03-31 20:54:33
    Мен топқа "GIRLS KZ" деген атау ұсынар едім
  • Асет 2015-04-01 11:43:38
    Топты "DO-dance" деп койса боладыго "DO"-Дастан Оразбеков, "Dance"-Би,
  • Кунжамал 2015-04-01 15:31:20
    Топқа мынадай есім берулеріңізге болады. Әрине көңілдеріңізден шықса. "Азалия" деген нұсқа ұсынар едім .нәзіктіктің белгісі деген мағына береді.
  • Айнұр Бердімұратова 2015-04-01 18:04:06
    Топқа Ару кz деген есім бергім келеді. Қазақтың арулары айдай әлемге танымал болса деген ырыммен осы есімді ұсынып отырмын.
  • Anara 2015-04-01 21:06:23
    Саламатсыз ба? Мен топка ДиАсыл деген ат беретин едим.
  • Anara Akimovna 2015-04-01 21:15:30
    Салаиатсыз ба? Тагы да айтарым. Топтын атын Асылым деп койсанызда болады.
  • гасек 2015-04-02 01:18:00
    Жана топқа текила деген ат усынар едим немесе карлыгаш тобы
  • Асет 2015-04-03 10:02:06
    Группа "FourLoveMi" это двух значное понятие. Four- это 4, Love-любовь, Mi-это нота.
  • asel 2015-04-04 17:34:38
    Сәлеметсіздер ме)Ақнәзік тобы(менің ұсынысым)
  • Абдрахман 2015-04-05 13:25:16
    группа "Tandem"! Слово "Тандем" ныне чаще всего означает слаженную, согласованную, четко распределенную по обязанностям работу двух и более участников какого-либо дела, так же имеет несколько значении, где в совокупности означает работающие одновременно, однородно, по одной линии. По моему само слово актуальное, современное и запоминающее.
  • Мадияр 2015-04-06 17:46:36
    Мен жаңа топқа;КӨРКЕМ,ШҰҒЫЛА,ШАТТЫҚ,АДЕМІ,ИНФИНИТИ деген аттарды ұсынар едім,мағыналары да бар.
  • Сулушаш 2015-04-08 01:40:01
    DO-#FORTUNA# тобы, Сезим тобы менин усынатыным) фортуна сози саттилик деген магынаны билдиреди жане адеми естиледи)
  • Бахыт 2015-05-24 20:11:13
    SS(Stunning stars)-Сногсшибательные звезды .
  • Бахыт 2015-05-25 17:03:17
    И Ещё AOH (Angels of heaven)

Пікір жазу