Гостиницы в Алматы
2017-01-27 20:21:55 151 1

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Орсариев жарыс алауы эстафетасының құрметіне өткізілген шарада мерзімінен бұрын Универсиаданы "ашық" деп жариялап жіберді. Бұл туралы Павлодар облысындағы Қазақ радиосының меншікті тілшісі Есенбек Санатұлы өзінің парақшасында жазды

"С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Орсариев мырзаның Универсиаданы мерзімінен бұрын "ашық" деп жариялап қойғаны қаншалықты дұрыс? Салтанатты ашылуы 29-шы қаңтар емес пе? Әлде, бұл кісі өзінің қазақша не айтып тұрғанын өзі түсінбей қалды ма екен? Сіздер не дейсіздер?" - дейді Есенбек Санатұлы.

Журналистің айтуынша, мəселе ректордың жіберген қателігінде екен. "Саяси қателік деуге болады. Универсиаданы "ашық" деп жариялайтын Президент болуы керек. Ал, мерзімінен бұрын қалжың болса да көптің алдында бұлай айтпау керек", - дейді ол жазба астындағы пікірлерінің бірінде.

Ректордың өзі де пікір қалдырған. "Рас! Кiшкене қателестiм. Әрине, сөз тек Универсиаданың павлодарлық этапы туралы ғана айтылған", - дейді Арын Орсариев.

Пікірлер

  • Ерлан Жаксылықов
    Сонымен қатар ол киси орыс тілінде "импровизированный Сұлтанмахмұт Торайғыров" мен үшін өте үлкен қателік секілді. Яғни "ИМПРОВИЗИРОВАННЫЙ" термині орынсыз деп ойлаймын.

Пікір жазу