Жанар Дұғалова жеңісін Елбасына арнады

Жанар Дұғалова жеңісін Елбасына арнады

24.11.2014 1 пікір 611 рет оқылды

«Turkvision-2014» ән байқауынына байланысты өткен пресс-конференцияда жеңімпаз Жанар Дұғалова байқаудан кейін сезімімен бөлісті деп хабарлайды Tengrinews.kz
Жанардың айтуы бойынша, Қазақстанды Халықаралық сахнада таныстырып, жеңіске жету – ең үлкен арманы орындалды. «Бұл байқау Тұңғыш Президент күні қарсаңында өтті, сондықтан мен бұл жеңісті Елбасымызға арнаймын», — деді Жанар. Сондай-ақ, әнші осыған дейін жүзден аса байқауларда бақ сынағанын, соған қарамастан байқауларға қатысқанды ұнатпайтынын айтты. Turkvision-ға қатысар алдында да көп ойланғанын да айта кетті.
Байқауда орындаған «Ізін көрем» әні Жанардың Ринат Зайытовпен бірге жазған композициясы. «Тіпті әнді сөзбе – сөз түсінбегендердің өзі, әрбір нотаны сезінгендіктерін айтты. Әннің негізгі мақсаты біз жаңа әлемде өмір сүріп жатырмыз, бірақ біз Абай, Жамбыл сияқты бабалардың ұрпағы екенімізді, кім екенімізді, қайдан шыққандығымызды ұмытпаймыз», — деді Жанар.
Продюсер Баян Есентаева пресс-конференцияда Жанар Дұғалованы дайындаған топтың әрбір мүшесі үлкен жауапкершілікті сезіп, дайындық өте қарқынды түрде болғандығын айтты. «Біз тек жеңіске ұмтылдық. Дайындық барысында үштікке кіретініміз белгілі болды. Жанар өнер көрсеткенде мен әдейі залға отырдым. Сол кезде менің қолымдағы Қазақстанның туын көрген қасымдағы көрермендер бұрылып, маған «Бұл керемет болды», — деп айтты»,- деді Баян Есентаева. Сонымен қатар продюсер байқаудан кейін Жанардың гонорары көтерілетіндігін айтты.

photo_142112
photo_142111
photo_142113

1 пікір

  1. Баконай
    #1 Баконай 24 Қараша, 2014, 19:11

    Жанар жарайсың! Біз сенимен мактанамыз, яғни еліміздің мақтанышысың! Біз саған сенгенбіз, себебі сенің мықты екеніңді біз білеміз, және мойындаймыз! Әрқашанда еліміздің туын көкке көтеріп жүре бер! Одан әрі биікке өрлей бер! Бастысы аман бол! Алғысым шексіз! Біз саған ризамыз!!! РАХМЕТ!!!