Гостиницы в Алматы
2017-02-24 03:21:47 180 0

"ВИА Гра" тобының солисі Эрика Герцег "Борисполь" әуежайының (Киев, Украина) кеден бақылауынан өту барысында ірі сомадан айрылып қалды. Әнші сөмкесінен шыққан ақшаның декларациядан өтпегендігі анықталып, қаражат мемлекеттің пайдасына тәркіленді. Бұл туралы 1i.com.ua сайты жазады. 

Аталған жайт туралы дерек Киев облысының Аппеляциялық сотының қаулысынан белгілі болыпты. Сот ісі барысында әнші бірде ақшаны танысым сыйлады деп, енді бірде қазақстандық танысынан қарызға алғанын айтып, түрлі мәлімет берген.

Сот ісінің құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызында Эрика Герцег Алматыдан шыққан ұшақпен "Борисполь" әуежайына келіп қонады. "Жасыл дәліз" арқылы өту барысында әнші сөмкесін кеден бекеті қызметкерлеріне тексеру үшін береді.

Кеден қызметкерлері сөмкеден 29,8 мың доллар, 12,5 мың еуро және 15 мың рубль табады. Эрика Герцег аталған соманы кеден декларациясында көрсетпегені анықталып, қаражаттың 10 мың еуродан (декларациясыз осындай көлемдегі ақшаны шекарадан алып өтуге болады) қалған бөлігі заңға сәйкес мемлекеттің иелігіне өтеді.

2016 жылдың сәуір айында Борисполь соты Эрика Герцегті кінәлі деп тауып, 1 700 гривенге (шамамен 20 мыңдай теңге) айыппұл салады.

Украинда дүниеге келген Эрика Герцег 2013 жылы "ВИА Гра" тобының жаңа құрамына енді.

Пікір жазу