Гостиницы в Алматы
2017-07-05 13:00:09 46 0

Қазақстан КВНщиктерінің «Алтын» құрамы жеңген қаржылай ұтыстарын Нияз Сүндеталиевтің еміне беретін болып шешім қабылдапты.

 Айта кетейік, Нияз Сүндеталиев 27 жасар қарағандылық. Ол өзінің дертіне жиналған 5,5 миллион теңгені Аружан Саин есімді қызға аударған болатын.

«Біз барлығымыз ақылдаса келе,  осы бір айда банктен алатын қаржыны өзіміз батыр санайтын Ниязға береміз. Ол өзіне деп жиналған қаржыны «басқа науқасқа жаратыңдар» деп Аружан Саинның қорына аударған жомарт жан»,-деді  Хасенов.

«Каzахи» КВН командасы 1 шілде күнігі сайыста жеңіске жетіп,ресейлік банк оларға 400 мың рубль көлемінде сыйлық тағайындаған еді. Бұл жайында sputnik.kz мәлімдеді.

“Нияз өте жомарт жан. Дәрігерлер “сіздің отаңызға әлі екі жыл уақыт бар” дегенімен көпшілік өзінде тұрған қаржыны, ол сияқты  басқа науқасқа ұстатып қоя салмайды. Ерлігі үшін басымды иемін Ниязға”,-деп қосып өтті Хасенов.

Бұл жаңалықты Нияздың өзі журналистерден естіген. «Мен таңғалып тұрмын, мұндайды күткен де жоқ едім. Әрине, өте қуаныштымын»,-деді Нияз Сүндеталиев телефон арқылы.

Пікір жазу