Гостиницы в Алматы
2014-12-12 23:46:17 956 0

Әрбір ару бет терісінің табиғи саулығы мен жарқырауын қалайды. Ол үшін нәзік жандылар бет терісіне ылғалдандыратын иісмай жағып, үстінен тоналды крем жағып жатады. Ал, осы қасиеттерге ие әмбебап кремнің бар екенін білесіздер ме? Ендеше, назарларыңызға ВВ кремін ұсынамыз.

BB кремнің тарихына үңілетін болсақ, алғаш рет емдік қасиеті бар бальзамды Азиялық арулар пайдаланған. ВВ кремнің үлкен танымалдылыққа ие болуының себебі бар, ол тек табиғи өнімдерден жасалынады. Еуропада алғашқы BB иісмайын неміс  хирургтері пайдалана бастаған. Олар отадан кейінгі жаралар  тез жазылып кету үшін теріге жағатын болған.

«BBкрем» не үшін қажет?

«BB крем» бір сәтте бірнеше әсер беретін иісмай болып табылады. Ол бет жылтырлығын жоятын, тері кемшіліктерін жасыратын, тері түсін тегістендіріп, жарқыратады, ылғалдандырады, тері саңылауларын тарылтып, күннен қорғайтын SPF қасиетіне ие.

Тоналды кремнен ерекшелігі неде?

Жас келген сайын бет терісі өз серпімділігін жоғалтып, бет терісінің реңі түссіздене бастайды. Бет терісіне тоналды кремді жақсаңыз, көбіне тері қатпарларынан көрініп, біркелкі сіңбей білініп тұрады. Ал, BB-дің артықшылығы оның құрамында рең беретін қасиетінен өзге, бет терісін әжімнен арылтатын, терінің серпінділігін күшейтетін компоненттері бар. Сондықтан, тегіс сіңіп кететін қасиетке ие.

BB кремді қалай таңдау керек?

Бет терісінің ерекшелігін ескере отырып таңдаған жөн. Косметика өндірушілері BB кремнің майлы, құрғақ немесе әжімге қарсы түрлерін шығаруда. Сондықтан, «әмбебап сұлулық бальзамын» әрбір сылқым бет терісіне сәйкесінше таңдап алуы керек.

Қалай пайдалану қажет?

BB-ді тоналды крем сияқты пайдаланамыз. Ең алдымен бет терісін тазалап, бірнеше минуттан соң жағамыз. Үстінен қажетінше опаны да сүртуге болады. Кешкісін, сабын сумен немесе макияжды кетіретін сұйықтықпен жуу керек.

 

Пікір жазу