Гостиницы в Алматы
2014-11-11 13:57:38 1480 0

Табиғатта алуан түрлі жұпар иісті заттар көп. Адамзат табиғи жұпар иісті қосылыстарды өзінің қажетіне ерте заманнан бері қолданып келеді. Ерте заманда мұндай заттар көбінесе емдікке және косметикалық мақсатта қолданылған.

Ежелгі Рим тарихшысы, әрі жазушысы Үлкен Плиний ароматты заттар ең әуелі Шығыс елдерінде қолданыла бастаған деп жазған. Ол мұны бұл елдерде сандал және камфора ағаштары, жаңғақ және ароматты қамыс мол өсуімен байланысты деп тапқан. Бұл өсімдіктердің жапырағы, қабығы, жемісі, тамырынан - сәндікке жарайтын иісі жағымды эссенция ұнтақтар, опа, майлар әзірленді. Кейін бұлардың антисептикалық қасиеттері табылып, өлікті бальзамдау (Ерте Египетте) мақсатында қолданылған.

Қазіргі кезде  хош иісті өнімдердің түр-түрі шығарылады. Әлемде парфюмның астанасы деп Францияның Грас қаласы атанған. Мұндай атаққа ие болуының себебі, қазіргі таңда  Граста парфюм шығарумен айналысатын 40-тан астам фабрикалар орналасқан.

Грас қаласындағы лаванда гүлінің плантациялары

Қаланың тарихына үңілетін болсақ, сонау XV ғасырда жергілікті халықтың басым көпшілігі тері өңдеумен айналысатын болған. Былғарыдан шығатын жағымсыз иісті жою мақсатында қала тұрғындары хош иісті шөптерден эссенция дайындап үйренген. Міне сол кезден бастап, кәсіби парфюмерлер пайда болыпты деген аңыз бар.

XV ғасырда гүлден эссенция алу жолы

Қалаған парфюмериялық заттарды әркім өзінің қажеттілігіне таңдап ала алады. Хош иісті алу үшін бір қатар өсімдіктерден ұшқыш эфир майлары алынады. Олар матада дақ қалдырмайды. Шынында эфир майлары өте күрделі қоспа, ол жағымды және жағымсыз иісті заттардан құралған. Мысалы, жасминнің нағыз майында жаман иісті 2,5% индол болады, ал лимон майында 90% дейін терпендер кіреді.

Олардың бір қатары ұнамсыз иісті болып келеді. Парфюмерлер осындай жағымсыз иістерді жойып, ұнамды ароматтарды өндіріп алады. Тек парфюмер ғана эссенциялардың қайсысы қандай мөлшерде, қалайша араластырғанда керекті әтір шығатынын біледі. Осылайша, әр түрлі майларды араластырып «ароматты букет» алады. Шынында  хош иістерден ерекше ароматты букет алу оңай шаруа  емес.

Парфюмерлерге арналған иіс майлардың жиынтығы

 Ұшқыш заттармен бірге эфирлерде ұшпайтын компоненттер (Балауыз, смолалар, т.б) болады. Бұлар әтірдің құрамындағы жеңіл компоненттердің ұшқыштығын басып, сақталу мерзімін ұзартады. Өсімдіктерді өңдегенде бөлінбей өзінде қалған май қалдықтарының жағымды иісінің ұзақ сақталуы да осыдан. Мәселен, қалампыр, корица және сандал өздерінің ерекше иісін жүздеген жылдар бойы сақтайды.

Назарларыңызға нәзікжандылардың көңілінен шығатын, әлемдік хош иіс сулар рейтингісінің бестігін ұсынамыз:

1. Chanel № 5 ароматы, (өндірушісі Chanel) 90 жылдық тарихы бар иіс судың әлі күнге дейін атағы жер жарып, үлкен сұранысқа ие болуда.

 

2. Shalimar иіс суы,( өндірушісі Guerlain) 1921 жылы Жак Герленнің өзі шығарған аромат. Бұл хош иіс шығыстық мативтерге негізделген. «Шалимар» сөзі санскриттан аударғанда «махаббат ғибадатханасы» дегенді білдіреді.

 

3. 212 ароматы, (өндірушісі Carolina Herrera) 1997 жылы жасалған аромат, дүние жүзі әйелдерінің үлкен сұранысына ие болып жүрген хош иіс. Парфюмның 2012 атауы – Каролина Эррераның сүйікті қаласы Нью-Йорктың телефон коды болып табылады.

 

4. Opium ароматы, (өндірушісі Yves Saint Laurent) 1977 жылы парфюмерлер Жан-Луи Сизек пен Жан Амиктің туындысы Opium ароматы шығыстық амбра мен мускустың иісіне негізделіп жасалған. Құрамында алкогольдің өте жоғары концентраты болғандықтан, иісі ұзаққа сақталады.

 

5. Youth Dew ароматы, (өндірушісі Estee Lauder) Америкада шыққан тұңғыш парфюм өнімі. Лаудер ханым гүлді хош иістердің букетінен құралған Youth Dew иіс суын күнделікті пайдалануға болатын аромат етіп жасады. Сол себепті бағасының көпшілкке жетімді болуын басты назарда ұстаған.

Пікір жазу